Роман Скляр металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін - елімізде металлургтер күні, деп хабалайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілденің үшінші жексенбісі - Қазақстан металлургтерінің кәсіби мерекесі саналады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ведомство басшысы Роман Скляр сала мамандарын аталмыш мерекемен құттықтаған.

«Металлургия – ел экономикасының базалық саласы. Халықтың әл-ауқаты осы салаға тікелей байланысты. Машиналар мен агрегаттарды тізгіндеп, домна пештері мен станоктарды ырқына көрдіретін металлургтер - шын мәнінде қуатты қолдан құюшылар», - деген ол өз құттықтауында.

Министр ауыр әрі асқан жанкештілікті талап ететін металлург мамандығы әрдайым құрметке ие екенін айтты.

«Бүгін осы кәсіпке қатысы бар барлық жанға табысты жұмыс істеп, кәсіби біліктілік пен шеберлік көрсетіп жүргендері үшін алғыс айтқым келеді. Біз сіздердің еңбектеріңіздің ел дамуындағы маңызы орасан екенін қадір тұтып, бағалаймыз», - деді Роман Скляр.

Статистикаға жүгінсек, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында түсті металл өндірісінің көлемі 118,9% - ды құраған. Мәселен, «Қазақмыс» корпорациясында мыс өндірісінің көлемі 14,46 млн. тонна деңгейіне шыққан. «Қазцинк» ЖШС полиметалл өндірісін 6,7% - ға арттырса, «Қазхром» АҚ өндіріс көлемін 7,1% - ға ұлғайтқан. «Коппер Технолоджи» ЖШС болса, мыс-мырыш өндірісін 1,2% - ға көтеріп отыр. Осының арқасында металлургия өнімінің көлемі 101,5% құраған.

«Қазцинк»ЖШС мырыш өндіру көлемін 1%-ға, алтын өндіру көлемін 8% - ға ұлғайтқан. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мыс өндірісін 15% - ға асырса, «Кастинг» ЖШС катодты мыс өндірісін 50% - ға, қола өндіру көлемін 4,6% - ға артырған. «Тау-Кен Алтын» ЖШС алтын өндіру көлемін 21,6% - ға ұлғайтса, «Сарыарқа Коппер Процессинг» ЖШС катодты мыс өндіру көлемін 4,69 мың тоннаға көтерген.

Соңғы жаңалықтар