Роман Скляр халыққа керекті тауарларды өндіруге бөлінетін субсидия шарттарын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр импортты азайту үшін халыққа керекті тауарларды өндіруде Ұлттық банктен ірі жобалармен бірге шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерін де қолдауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, ОКҚ-дағы бүгінгі баспасөз мәслихатта «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстанға келетін импорттық тауарлардың көлемін азайту бағытында қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып берген еді.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен халыққа керекті қарапайым тауарларды өндіру үшін 600 млрд теңге бөлінгелі отыр.

Баспасөз мәслихатында Роман Скляр хосы мақсатта бөлінетін субсидиялардың шарттарын атады.

«Қарыз алушылар үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында ставкаларды субсидиялау есебінен номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8 пайызды құрайды. Қарыз мерзімі - 7 жыл. Бұған қоса 600 млрд теңгенің 100 млрд теңгесі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға бағытталады», - дейді Роман Скляр

Министрдің айтуына қарағанда, «қарапайым заттар экономикасына» жататын салаларда негізінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған. Олардың өндірістік қуаты тек жартылай жұмыс істеуде.

«Осыған байланысты жедел өндірісті жүргізіп, ішкі нарыққа тауарларды тезірек шығару үшін қарызға берілетін қаражаттың 50 пайызы инвестициялық мақсатқа, ал қалған 50 пайызы айналымдағы қаражатты толтыру үшін берілгелі отыр. Бұл бағыттағы қадамдар өндірістік қуатты толыққанды деңгейге шығаруға серпін береді. Осыған орай Ұлттық банктен ірі жобалармен бірге шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерін қолдауды сұраймыз», - дейді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауарлардың көлемін ұлғайтуға қатысты негізгі міндеттерді атаған болатын.

Үкімет басшысының айтуынша, жеті жылдан кейін импорттың үлесі 59 проценттен 37-ге дейін түседі. Есесіне отандық тауарлардың көлемі артады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындары әртараптандыру шаралары жалғасады.

Соңғы жаңалықтар