Роман Скляр «Газпром» басшысымен табиғи газға қатысты жобаларды айқындады

None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллердің кездесуі барысында табиғи газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, атап айтқанда қазақстандық газды Орынбор МӨЗ-інде қайта өңдеу мәселелері, ресейлік газды Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық жобалары айқындалған Жол картасына қол қойылды.

Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев, ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар