Роман Скляр: Энергетика министрлігі еліміздің энергетикалық балансын әзірлеуді аяқтауы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрлігі еліміздің 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын әзірлеуді аяқтауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шарт саналатын маневрлік қуаттарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін маневрлік генерацияларды салуға арналған аукциондық сауда жүргізу жөніндегі барлық тиісті іс-шараларды қабылдау қажет»,- деді Үкімет басшысының орынбасары ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының ұлттық электр желілерін күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының апаттық ажырап қалуларына жол бермеу үшін Энергетика министрлігіне «KEGOC» АҚ-пен бірлесіп, энергия жүйесінің оңтүстік аймақтық қолданыстағы электр желілерін күшейту мен жаңғырту бойынша оңтайлы шешімдер әзірлеу қажеттігіне назар аудартты.

«Мемлекет басшысының елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында министрлік «KEGOC» АҚ-пен бірлесіп, 2035 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының энергетикалық балансын әзірлеуді аяқтауы тиіс», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар