Роман Скляр Екібастұздағы апат туралы: Жұмысшы ғана жазаланады деу – қате

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз жылу жүйесіндегі апаттың себебі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де бұл аса ірі коммуналдық апат. Екібастұздың тарихында болып көрмеген шығар. Бұл апатқа не түрткі болды деген сұрақ қойылып отыр. Стансадағы операциялық персоналдың қателігі бар екені түсінікті. Желідегі қысымды кенет көтеріп жіберген. Одан арғы жерде бәрінің, оның ішінде меншік иесінің де жауапкершілігі бар. Неге олар осыған жол берді? Станса операторы монометрдегі көрсеткішке қарап қысымды арттырған. Ал монометр бұл кезде қатып қалған. Өйткені терезе сынық болған. Содан суық кірген, монометр кәдімгідей қатып қалған», - деді Роман Скляр.

Фото: t.me/bort_01


Вице-премьердің айтуына қарағанда, мұның өзі жылу-электр орталығына иелік етіп отырған компанияның жауапкершілігі қандай деңгейде болғанын көрсетеді.

«Неге олай болды? Өйткені компания қарапайым дүниелерге қаражатты жеткілікті мөлшерде бөлмеген шығар. Мамандарды жеткілікті деңгейде оқытпаған. Сондықтан шартты түрде өшіргіш тетікті бұраған адам деп алсақ, сол ғана жауап береді деу – қате. Құқық қорғау органдары кінәлілерді тауып, қатаң жауапқа тартады. Сондықтан бұл мәселеде шатасудың қажеті жоқ», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Басты фото: Константин Шелков
Соңғы жаңалықтар