+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Роман Скляр автожолдардағы жағдай бойынша бірқатар тапсырма берді

2020 жылғы 27 қаңтар 21:15
Бөлісіңіз:
Роман Скляр автожолдардағы жағдай бойынша бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Роман Скляр республикалық автожолдардағы төтенше жағдай мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Боранға байланысты алты облыстағы 21 учаскеде жол жабық Қолайсыз ауа райына байланысты 10 учаскеде жол жабылды Ақмола облысындағы бірқатар жол жабылды

Бүгін, 27 қаңтарда Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен республиканың автомобиль жолдарындағы төтенше жағдайлар мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті.

Бұл мәселе бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев баяндама жасады, аймақтардағы жағдай туралы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қалалары әкімдерінің орынбасарлары баяндады.

Бүгінгі күні республиканың автожолдарында 750 адам құтқарылды, оның ішінде 139 бала; 47 адам эвакуацияланды, оның ішінде 11 бала, 1,5 мыңнан астам техника қар құрсауынан шығарылды.

ІІМ мәліметінше, республика бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 1644 адам мен 1153 техника жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 33 учаске жабық болып қалатынын айтты. Автожолдардың жабық учаскелерін тазалау үшін қар тазалайтын 442 техника жұмылдырылған.

Кеңес қорытындысы бойынша Роман Скляр осы мәселеге үздіксіз мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұл ретте, әкімдіктерге қар құрсауынан туындаған автожолдарды пайдаланушыларға тамақ беруді ұйымдастыру арқылы уақытылы орналастыру міндеті қойылды; жылыту пункттері медициналық қызметтермен, қажетті азық-түлік өнімдерімен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бұдан басқа, ұлттық экономика және ішкі істер министрліктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резервті брондау және қар тазалау техникасын облыс әкімдіктеріне, Нұр-Сұлтан және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на беруді жеделдету тапсырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT