Роман Скляр асыл тұқымды малдың импорты туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр еліміздегі асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау жеңілдетілген шарттармен кредит беру тетіктері арқылы да, субсидиялау арқылы да жүзеге асырылады. Атап айтқанда, сатып алынған асыл тұқымды жануарлардың құнын және селекциялық асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге арналған шығындарды арзандатуды субсидиялау құралдары арқылы төмендету, бұл ретте сатып алынған отандық малдың да, шетелдік малдың да құны субсидияланады», - делінген Үкімет басшысы орынбасарының депутаттар сауалына берген жауабында .

Оның айтуынша, тауарлық және асыл тұқымды малдың импорты отбасы үлгісіндегі кеңейтіліп келе жатқан шағын және орта фермерлер класын малмен қамтамасыз етуге арналған.

«Шетелдік селекцияның асыл тұқымды ІҚМ асыл тұқымдық басын әкелуді субсидиялау есебінен бүгінгі күні асыл тұқымды мал басының үлесі айтарлықтай артып, ІҚМ жалпы басының көрсеткіші жоғарыда көрсетілген 12,5%-ды құрады», - деді Р. Скляр.

Айта кетейік, Премьер-министрдің орынбасары еліміздегі асыл тұқымды мал басының санына қатысты түсінік берді. Бүгінгі күні асыл тұқымды малдың үлес салмағы өсуінің оң серпіні сақталуда. Мысалы, егер 2010 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттағы асыл тұқымды ірі қара малдың саны 344,1 мың бас болса немесе асыл тұқымды малдың жалпы мал басына шаққандағы үлес салмағы 2,9% құраса, 2021 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санатындағы асыл тұқымды ІҚМ саны 978,6 мың басты құрады немесе асыл тұқымды малдың жалпы мал басына шаққандағы үлес салмағы 12,5%-ға дейін өсті. Оның ішінде негізгі мал басы қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарына тиесілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманғали Бердалин еліміздің климат ерекшелігіне бейімделген отандық асыл тұқымды мал сапасын арттыру мәселесін көтеріп, депутаттық сауалын Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға жолдады.


Соңғы жаңалықтар