+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Роман Скляр апатқа ұшыраған АН-2 ұшағына қатысты түсінік берді

2019 жылғы 20 маусым 13:20
Бөлісіңіз:
Роман Скляр апатқа ұшыраған АН-2 ұшағына қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ақмола облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағына қатысты толық мәлімет тексеруден кейін берілетінін атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бұл туралы жаңа ғана (ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отрысынан кейін) естідім, оқиға орнына қызметкерлер аттанды. Кейіннен бұл жағдай бойынша толық ақпарат таратылады. Бірлескен отырыста болдым, сондықтан оқиғаның мән-жайын толық білмеймін. Атап айтқанда, тексеру жұмыстарымен біздің арнайы басқарма айналысып жатыр және олар тиісті ақпаратты таратады», - деді министр тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар Р. Скляр аталған санаттағы ұшақтар саны елімізде аз емес екенін жеткізді.

«Бұл ұшақтардың көбіне жаңа емес, олардың апатқа ұшырауының түрлі себептері болып жатады. Сондықтан бүгінгі оқиға бойынша тексеру жүргізу керек», - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 20 маусымда сағат шамамен 10-00-де Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістік алқабын химиялық өңдеп жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, 2 экипаж мүшесі жарақат пен күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT