+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Роман Скляр: Агротехниканы құрастыру саласында 5,5 мың жұмыс орнын ашуға болады

2019 жылғы 28 маусым 12:19
Бөлісіңіз:
Роман Скляр: Агротехниканы құрастыру саласында 5,5 мың жұмыс орнын ашуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Хабар» арнасына берген сұхбатында ауыл шаруашылығы техникасын құрау саласын дамытуға қаржылық қолдау қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылы агроөнеркәсіп саласының субъектілерінің өтініші бойынша жылдық 7 пайызбен техниканы сатып алу бағдарламасы іске қосылған болатын. Биыл бағдарлама толыққанды жұмыс жүргізіп, «БРК Лизинг» АҚ арқылы жеңілдетілген тәртіппен отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жол ашып отыр.

«Көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мемлекет тарапынан көрсетілетін ынталантыру тетіктерін білмейді. Түсіндіре кетейін: утилизациялық жинау шаруасын өндіруші немесе импортер жүргізеді. Шаруа қожалықтардың өздері құрап алуға міндеттелмейді! Автокөлік саласының тәжірибесі бойынша «Оператор РОП» ЖШС ескі техникаларды утилизацияны ерікті түрде жүргізеді. Сол ескі техниканың иесі утилизациялық сертификатқа ие болады. Ол сертификатты жаңа техниканы сатып алуда алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады», - деді Роман Скляр.

Министр бұл ретте, отандық ауыл шаруашылығы техникаларының бағасы шарықтап кетпейтінін атап өтті. Қазақстандық шаруалар бұрынғы шарттар бойынша тракторлар мен комбайндарды сатып ала алады. Роман Скляр сонымен қатар қазақстандық нарыққа шетелдік техникаларды импорттау арқылы пайда тауып отырған белгілі бір топтың таратқан қауесетіне сенбеуге шақырды.

«Қазақстанның аумағында ауыл шаруашылығы техникасын құрау саласы арқылы 5,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға толық мүмкіндік бар», - деді Роман Скляр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT