Роллс Ройспен витринаны қиратқан адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Rolls-Royce мініп витринаны қиратқан алматылық ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот ҚР ҚК 16-бабына сүйене отырып сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Ер адам өз істеген әрекетіне жауап бере алмайтын болып шықты.

Іс тоқтатылды. Айыпталушы мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жатқызылатын болды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде ер адамның шизофрениямен ауыратыны расталды. Сот-тауар сараптамасының нәтижесінде бұзылған көлікті жөндеуге 43 млн теңге, қираған әйнекті жөндеуге 1,9 млн теңге төлейтін болды.

Апелляциялық сот алғашқы инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кету керек, оқиға әл-Фараби көшесінің бойындағы «Бавария» салонында болған. Ер адам қымбат бағалы көлікке мінген соң газды басып әйнек қабырғаны қиратқан.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар