«Ролан Гаррос» турнирінде Зарина Диястың да қадамы сәтті болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-інші ракеткасы Зарина Дияс «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында поляк қызы Магда Линетпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші партияда дүниежүзілік рейтингте 67-інші орында тұрған Линетт брейк жасап, 3:2 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін Зарина қарсыласына дес берген жоқ - 6:3.

Екінші партияда Дияс тіпті айқын басымдылық көрсетті. Есеп - 6:1.

Бұған дейін Линеттен екі рет жеңілген Зарина Парижде қарымта қайтара білді.

Осылайша Юлия Путинцевадан кейін Зарина Дияс та екінші айналымға шықты. Ерлер арасындағы додада Михаил Кукушкин ертең алғашқы ойынын испаниялық Альберт Рамос-Виньоласпен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар