Ролан Гаррос турнирі: Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда фин теннисшісі 6:4 есебімен басым түсті.

Есесіне екінші сетте қазақстандық спортшы есе қайырды – 6:2. Ол үшінші, шешуші партияда да 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін О.Виртанен таразы басын теңестірді. Дегенмен Т.Скатов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Тимофей 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 3 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Т.Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 165-ракеткасы Мелигени Родригес Алвес Фелипемен ойнайды. Ол рейтингте 145-сатыдағы чилилік Томас Барриосты тізе бүктірді 6:3, 6:3.

Егер Т.Скатов бразилиялық теннисшіні ұтса, алғаш рет Ролан Гарростың негізгі додасына жолдама алады.

Қазақстандық Александр Недовесов мексикалық Мигель Анхел Рейес-Вареламен бірге жұптық сында Францияда Лион АТР 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Олар жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Сэлисбериге жол берді – 6:4, 3:6, 6:10.

Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 жарысының ширек финалында америкалық Сабрина Сантамария – ресейлік Яна Сизиковадан ойсырай жеңілді – 3:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Рабат турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды.


Соңғы жаңалықтар