Ролан Гаррос: Қазақстан теннисші қыздары үздік үштікке енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ролан Гаррос турнирінде үшінші айналымға шыққан теннисші қыздар саны жөнінен Қазақстан үздік үштікке енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Ресей елінен сегіз теннисші: Дарья Касаткина, Анастасия Павлюченкова, Анастасия Потапова, Камилла Рахимова, Анна Блинкова, Элина Аванесян, Екатерина Алекссндрова және 16 жастағы Мирра Андреева үшінші айналымға жолдама алды.

АҚШ-тан алты спортшы бар, олардың арасында әлемнің үшінші және алтыншы ракеткалары Джессика Пегула мен Кори Гауфты айтуға болады.

Қазақстаннан үшінші айналымда екі теннисші өнер көрсетеді. Елена Рыбакина ертең испаниялық Сара Соррибес-Тормомен, Юлия Путинцева бүгін америкалық Слоан Стивенспен ойнайды.

Украинадан үшінші айналымға Элина Свитолина мен Леся Цуренко шықты.

Қалған елдерде бір ойыншыдан қалды. Олардың арасында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, ал Александр Недовесов үшінші айналымға жолдама алды.

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалында кездеседі.


Соңғы жаңалықтар