Родина ауылында «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде екі əлеуметтік нысан пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының «Родина» Агрофирмасы» ЖШС-нда «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде мəдени сауықтыру кешені мен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл туралы аймақ басшысының Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Иван Сауэр басқаратын «Родина» Агрофирмасы» ЖШС-ы «Туған жерә бағдарламасы бойынша екі жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген.
Бұл қаржыға Зеленый Гай ауылында мəдени-сауықтыру орталығы мен Родина ауылында дәрігерлік амбулаторияның ғимаратары қалпына келтіріліп, жөнделді. Дәрігерлік амбулатория қажетті медициналық құралдармен жабдықталған.
1

Сонымен қатар, аталмыш шаруашылық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жергілікті мақсаттағы жолдарға жөндеу жұмыстарын қолға алмақ-шы.
Еске сала кетейік, білікті басшысы, танымал меценат Иван Сауэр басқаратын «Родина» Агрофирмасы» ЖШСоблыста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың жарқын үлгісін көрсетіп отырған шаруашылықтардың  алдыңғы легінде.
Ауылда зообақ, сүт кешені, хоккей корты, мəдени орталық осының айқын дәлелі. Оған қоса, серіктестікің өз қаражатына жұмысшылар мен əлеуметтік сала қызметкерлеріне 18 тұрғын үй салынған.
Тағы бір ерекшелігі ол серіктестік жұмысшылары жемшөп, көмір, отын мен шаштараз  жəне коммуналдық қызметтерді тегін алады. Сондай-ақ, ҰОС арлагерлері мен тыл еңбеккерлері, 1 топтағы мүгедектерге  азық-түлік сатып алуы үшін 50 пайыз жеңілдіктер қарастырылған. 
2

Соңғы жаңалықтар