+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Робот Фёдор Байқоңырдан ғарышқа аттанды

2019 жылғы 22 тамыз 13:26
Бөлісіңіз:
Робот Фёдор Байқоңырдан ғарышқа аттанды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – «Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран-тасығышынБайқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру сынағы сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роскосмос телестудиясы бортында робот бар «Союз МС-14» кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәтін стартқа жарты сағат қалғанда тікелей эфирден көрсет е бастады .

Осы уақыт ішінде тікелей эфир қатысушылары «Союз МС-14» ғарыш кемесінің ұшуға дайындығы, «Союз -2.1а» зымыран-тасығышының құрылу тарихы және «Фёдор» алғашқы ресейлік адамтектес роботы туралы видео ны тамашалады .

Белгілі болғандай, «Союз -2.1а» алғаш рет 2004 жылы ұшырылған. «Союз» ресейлік зымыраны бүгінгіні қосқанда 1910 рет ғарышқа жіберілген.

Ұшырылым белгіленген уақытта – 2019 жылдың 22 тамызында, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 09 сағат 38 минутта өтті. Репортаж жүргізушінің хабарлауынша, барлығы штаттық режімде өт кен . Әуеге көтерілгеннен кейін оныншы минутта ғарыш кемесі зымыран-тасығыштан бөлініп, «Союз МС-14» орбитаға шыққан.

Ғарыш кемесінің бортында, командирдің орнында ресейлік робот Федор отыр. Оған Skybot F-850 аты берілген. «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылар алдында робот ұшу алдындағы дайындық туралы баяндады. «Кеттік!» пәрменін айтуды да ұмытқан жоқ. 10 минут бойы ұшудың параметрі мен байқаған жағдайлар туралы комментарий білдіріп отырды.

«Орталық машина құрастыру ғылыми-зерттеу институты Ұшуды басқару орталығының ақпараты бойынша, «Союз МС-14» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) жақындауы және түйісуі екі тәуліктік кесте бойынша жүзеге асады. Түйісу Нұр-Сұлтан уақытымен 2019 жылдың 24 тамызында 11 сағат 30 минутқа жоспарланған.


Автор: Сара Кабикызы

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғарыш, Байқоңыр,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT