Ришат Хайбуллин Чехия чемпионатында үздік үштікке енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Чехия біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінді деп хабарлайды Olympic.kz.

Болдерингтен сынға түскен Хайбуллин алдына әлем мықтыларын ғана жіберіп, қола жүлдеге ие болған.

Бірінші орынды Адам Ондра, екінші сатыны Мартин Старник иеленді.

Айта кетелік, Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден 2019 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, Токио Олимпиадасының лицензиясын еншілеген. Бүгінде Ришат карантиннен кейін басталған әлем кубогі кезеңдерінде сәтті өнер көрсетіп жүр.



Соңғы жаңалықтар