Рио Олимпиадасының үміті: Олжас Сәттібаев олжалы оралады деген сенімдеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына 34 күн қалды. Төрткүл дүние көз тігетін төртжылдықтың басты додасында кімдерге үміт артамыз?

Әрине, бірінші кезекте қазақ боксшыларының жолына үмітпен қарайтынымыз айтпасақ та түсінікті. Солардың бірі - Олжас Сәттібаев.

Бүгінде шаршы алаңда намысты қолдан бермейтін қазақ жігіттерінің ішінде Олжастың да есімі жиі аталады.

Өзі жас болса да, шаршы алаңда бас болып қайсар мінезімен талайды тамсандырған азаматтардың бірі. Есімі «олжа», тегі «сәттіден» басталып тұрған жас қыранымызға тек сәттілік жолдас болып, елге олжалы оралуына тілектеспіз.

Олжас Сәттібаев

Туған жылы: 1988 жылы

Туған жері: Жамбыл облысы

Салмағы: 52 кг

Жетістіктері: Кадеттер арасындағы әлем чемпионы - 2005 (Ливерпуль); Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері - 2006 (Марокко); Азияның қола жүлдегері - 2009 (Қытай); Қазақстанның үш дүркін чемпины. С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің 4 дүркін чемпионы; Әскерилер арасындағы әлем чемпионы - 2014; «Астана арландарының» құрамында әлем чемпионы - 2015; Азия чемпионы - 2015 (Тайланд); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Биыл Олимпиада ойындарына бірінші рет қатысқалы отыр. Олжас Рио Олимпиадасына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері арасындағы жарыста қанжығасына байлады. Рейтингте 3-орында тұр.

Айта кетейік, биыл біздің жігіттеріміз Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құраммен бара жатыр. Бұған дейін төртжылдықтың басты сынына 91 келі салмақ дәрежесінде ешбір боксшымызға жолдама бұйырмай келген болатын.

Соңғы жаңалықтар