Рио Олимпиадасының үміті: Қайрат Ералиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына 33 күн уақыт қалды. Олимпиада ойындарында бірінші кезекте қазақ боксшыларының жолына үмітпен қарайтынымыз айтпасақ та түсінікті. Сол жуан жұдырықты боксшыларымыздың бірі - Қайрат Ералиев!

Қайрат Ералиев

Туған күні: 08.05.1988

Салмағы: 56 келі

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы.

Бапкері: Мырзағали Айтжанов.

Жетістіктері: 2012 жылы - Қазақстан Республикасының чемпионы; Әлем чемпионатының қола жүлдегері - 2013: «GeeBee» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2014); Әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы (2014); «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирінің жеңімпазы (2014); Азия ойындарының қола жүлдегері (2014); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасына жолдаманы Қытайда өткен Азия және мұхиттық аймақ бойынша іріктеу жарысында жеңіп алды. Бұл Қайрат бауырымыздың спорттық мәнсабындағы алғашқы қатысқалы отырған Олимпиадасы.  Жерлесімізге сәттілік жолдас болып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Айта кетейік, биыл қазақ боксшылары Олимпиада ойындарына тұңғыш рет  толық құраммен қатысады.

 

Соңғы жаңалықтар