Рио Олимпиадасының үміті: Абылайхан Жүсіпов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына 31 күн қалды. Қазақ боксшыларының ішінде болашағынан зор үміт күттіретін жігіттеріміз жетерлік. Солардың бірі Қарағанды облысының түлегі Абылайхан Жүсіпов. Биыл Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысқалы отырған талантты бауырымыздың жолына қазақ елі үмітпен қарайтыны белгілі.

Олай дейтініміз Абылайхан жасөспірімдер арасында жүргенде-ақ, көзге түсіп өз құрбыларының алдында жүрді. Біраз биіктерді де бағындырып үлгерді.

Енді міне ересектер дуына ілесіп алғаш рет ел намысын құрлықтың арғы бетінде абыроймен қорғап қайтуға бел буып отыр. Біз жерлесімізге тек сәттілік жолдас болсын деп тілейік.

Абылайхан Жүсіпов

Туған күні/жылы: 10.01.1997

Туған жері: Қарағанды облысы. Абай ауданы

Салмағы: 64 келі

Бапкері: Б.Аманбаев, А.Райш

Жетістіктері:

Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (2013);

Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2013);

Жасөспірімідер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы (2013);

Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы (2014);

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Абылайхан ЖүсіповРио Олимпиадасына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері арасындағы турнирде қанжығасына байлады. 

Айта кетейік, биыл біздің жігіттеріміз Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құраммен бара жатыр. Бұған дейін төртжылдықтың басты сынына 91 келі салмақ дәрежесінде бірде-бір боксшымыз қатыспаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар