Рио Олимпиадасындағы Левит-Тищенко айқасының тергеу қорытындылары жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лозаннада өткен ХОК Атқару комитеті мәжілісінің қорытындысы бойынша, халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Championat.com.сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық олимпиада комитеті Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындары барысында төрешілер тарапынан болуы мүмкін жемқорлықтың және жекпе-жек нәтижелерін бұрмалаудың фактілерін анықтамаған. 

«ХОК АИБА-ның түбегейлі реформалар жүргізу жөніндегі жұмыстарын қолдайды. АИБА жаңғыру жұмыстары бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, өзінің ерік-жігерінің мықтылығын танытты. АИБА бастағандай жан-жақты терең өзгерістер жасау үшін біршама уақыт керек екенін жақсы түсінеміз. Осы бағытта біз АИБА-ға мүмкіндік береміз және барынша қолдау көрсетеміз»,-деді Томас Бах.

Сонымен қатар ХОК өкілдері 2016 жылғы Олимпиада ойындары барысындағы спорттық шаралардың нәтижелерін бұрмалау мен жемқорлық әрекеттеріне байланысты фактілерді растады.

Айта кеетйік, Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындары алдында Томас Бах Рио-да өткен Олимпиада ойындарының кейбірінің нәтижелерін қайта қарайтынын айтқан. Сондай-ақ ол 2018 жылы өтетін Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары мен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының тізімінен бокстың алынып тастауы мүмкіндігін де жеткізген еді.

Жуырда ХОК ресми түрде мәлімдеме жасады: бокс Буэнос-Айрэсте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының бағдарламасында қалады.

Соңғы жаңалықтар