Рио Олимпиадасындағы Қазақстан спортшылары: Берік Әбдірахманов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиаданың басталуына 32 күн қалды. Олимпиада ойындарында бірінші кезекте қазақ жанкүйерлері боксшылардан зор үміт күтіп отырғаны түсінікті. Себебі, осыған дейінгі Олимпиада ойындарында қанжығалары майланбай, бос қайтқан кездері болған жоқ.

Биылғы Олимпиада ойындарында бокстан Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын боксшыларымыздың бірі - Берік Әбдірахманов. Бүгінде бұл боксшыдан елі үлкен үміт күтіп Риоға аттандырғалы отыр.

Берік Әбдірахманов

Туған күні: 20.06.1986

Салмағы: 60 келі

Туған жері: Маңғыстау облысы.

Бапкері: Руслан Амалбеков.

Жетістіктері: 2012 жылы - Қазақстан Республикасының чемпионы; Әлем чемпионатының қола жүлдегері - 2013; Азия чемпионы - 2013; 2014 - «Chemistry Cup» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері; «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирінің жеңімпазы - 2014; APB жобасында жеңімпаз - 2015; Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Берік Әбдірахманов AIBA Pro Boxing жобасының шешуші жекпе-жегінде өзбек Хуршид Торшибаевты жеңіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы ұтып алды. APB жобасының 60 келі салмақ дәрежесіндегі барлық жекпе-жектері Астана қаласында өтті. Осы орайда айта кетейік, Берік Әбдірахманов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан боксшылары арасында бірінші болып жолдаманы қанжығасына байлаған спортшы.

Ол өзінің спорттық мәнсабында Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысқалы отыр. 

Айта кетейік, күрзі жұдырықты жігіттеріміз биыл Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құраммен бара жатыр.

Соңғы жаңалықтар