Рио Олимпиадасы: Жасындай жарқылдайтын кезің келді, Жәнібек!

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына 29 күн қалды. Риода Қазақстан намысын қорғайтын боксшыларымызды одан ары таныстыруды жөн санап отырмыз.

Бүгінгі айтқалы отырған боксшымыз 2012 жылы Қазақстан біріншілігінде жарық етіп көзге түсіп, 2013 жылы Алматыда өткен бокстан әлем біріншілігінде әлем чемпионы атанған ең жас бауырымыз Жәнібек Әлімханұлы. Айталық, Серік Сәпиев алғаш рет әлем чемпионатында топ жарғанда 22 жаста болатын. Ал бүгінгі әлемді ауызына қаратып жүрген Геннадий Головкин мен Ердос Жаңабергенов 21 жастарында әлем чемпионы атанды. Ал Жәнібек 20 жасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Ал біздің Бекзат Саттарханов батырымыз осы Жәнібектің жасында Олимпиада шыңын бағындырған болатын. Биыл Жәнібек бауырымыз тура 23 жаста. Нағыз от болып жанатын шағы. Риода қазақтың байрағын желбіретіп қайтады деген үміттеміз...

Жәнібек Әлімханұлы

Туған күні: 01.04.1993

Туған жері: Алматы облысы Алакөл ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап бокспен шұғылданады.

Бойы: 179 см

Салмағы: 75 кг

Жетістіктері: халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы, Амманда өткен Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы.

Айта кетейік, биыл біздің жігіттеріміз Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құраммен бара жатыр. Бұған дейін төртжылдықтың басты сынына 91 келі салмақ дәрежесінде ешбір боксшымызға жолдама бұйырмай келген болатын.

Соңғы жаңалықтар