Рио-2016: Тәуелсіз комиссия Қазақстанда допингке қарсы бақылауды жақсартады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстанның олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық федерацияларының басшылығымен кеңес өткізді.

Кездесудің қатысушылары бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, солардың әрқайсысы тікелей немесе жанама түрде спортшылардың Бразилиядағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығына қатысты болды.

«Жиналғандар жарыстар кезінде олимпиадаға қатысушылардың белгіленген нормаларға сәйкес жабдықталу қажеттілігіне назар аударды. Спорттық федерацияларды аккредиттеу істерінің жағдайын жеке қарастырылды. Күн тәртібіне сондай-ақ допингпен күрес мәселесі кіргізілді», - деп түсіндірді ҰОК-нің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстанда допингке қарсы тәуелсіз комиссия құрылды. Комиссияның жұмысы Қазақстанда допингке қарсы бақылау жүйесінің жетілдірілуіне септігін тигізіп, допингке қарсы қозғалыстың барлық қатысушыларының «таза спорт үшін» күресте күшін біріктіреді. Оның құрамына түрлі ведомстволардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, спорттық функционерлер кірді.

«Біз іске асырып отырған бірлескен жұмыстың нығайтылуын жалғастыру өте маңызды. Дәл сондықтан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев ҚР ҰОК-нің және ұлттық федерациялардың бірыңғай, шоғырландырылған жұмысының маңыздылығын атап өтуде. Барлығымыздың мақсатымыз бір - бұл спортшыларымыздың әлемдік спорттық жарыстарда жеңіске жетуі», - деп атап өтті ҚР ҰОК-нің атқарушы директоры Серік Қасқабасов.

Соңғы жаңалықтар