Рио-2016: Олимпиадада бірінші «алтын» АҚШ-қа бұйырды

None
None
АСТАНА - РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында 10 метрден пневматикалық винтовкадан атудан әйелдер арасында алғашқы медальдар сарапқа салынып, америкалық Вирджиния Трэшер Рио-2016 додасының бірінші «алтынын» иеленді.

АҚШ спортшысы 208,0 балл нәтижесімен олимпиадалық рекорд орнатып, еліне бірінші алтын жүлдені алып берді.

Екінші орыннан қытайлық Ду Ли (207,0) көрінсе, үшін орын да ҚХР спортшысы И Сылинге (185,4) бұйырды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай,  10 метрге пневматикалық винтовкамен ату бойынша әйелдер арасындағы іріктеу жарысында Қазақстан намысын қорғаған Елизавета Король 37-ші орын алған болатын.  

Соңғы жаңалықтар