+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Рио-2016 қола медалі қазақстандық Денис Улановқа берілуі мүмкін

2016 жылғы 30 тамыз 12:25
Бөлісіңіз:
Рио-2016 қола медалі қазақстандық Денис Улановқа берілуі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зілтемірші Денис Улановтың жеке бапкері Александр Девяткин «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Рио-де-Жанейрода қола медаль жеңіп алған Денистің румыниялық қарсыласының допингпен ұсталғанын, сол себепті қола медаль төртінші орын алған Денис Улановқа берілуі мүмкін екенін хабарлады.

- Денис пен румыниялық ауыр атлеттің екеуі де Риода 390 келі көтерген еді. Бірақ, Денистің салмағы одан 200 грамм ауыр болып, қола жүлдеден айырылып қалған еді. Ал бүгін түнгі екіде допинг-бақылаудың қорытындысы жарияланды және америкалықтар, еуропалықтар, тіпті румыниялықтар Денисты қола медалімен құттықтап үлгерді, өзіміздің отандастарымыз әлі кешігіп жатыр. Бұл ақпарат олимпиадалық сайтта тұр, енді тек ХОК ресми хабарламасын күтеміз. Ашығын айтқанда, румыниялықтың зілтемір көтеруінің өзі күдікті болып көрініп еді.

- Денисті неше жылдан бері жаттықтырып келесіз және Денис сізге қалай келді?

- Ол Зырян ауданынан келді және осында колледж бітірді. Әлі алдымызда келесі жылы өтетін Әлем чемпионаты бар, соған дайындық үстіндеміз. Денис әлі жап-жас, жасы 22-де, әлі үйленбеген, сондықтан оның негізгі жеңістері әлі алда. Денис - өте талантты жігіт. Риода көптеген елдің өкілдері оны айналшықтап жүріп алды.

- Денистен бөлек Қазақстанға спорттық жеңістер әкелетін басқа да шәкірттеріңіз бар ма?

- Иә, ҚР құрамасындағы Каплин мен Галушко Иван бар.

null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT