+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

РИО-2016: Данияр Елеусінов - Олимпиада чемпионы

2016 жылғы 18 тамыз 01:55
Бөлісіңіз:
РИО-2016: Данияр Елеусінов - Олимпиада чемпионы

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі саңлағымыз Данияр Елеусінов финалда өзбек спортшысы Шахрам Гиясовты ұтып, Рио Олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Елеусінов финалда ерекше ынта-жігерімен жұдырықтасты. Қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасының чемпионы деген атаққа қол жеткізді.
Жартылай финалда Гиясов марокколық чемпион Рабии Мохаммедті тізе бүктірген болатын. Ал Данияр Франция спортшысы Сулейман Сиссоконы жеңген еді.
Бүгін Олимпиада чемпионы атанған жерлесіміз осыған дейін 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол 2010 жылы және 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады.
Еске сала кетейік, 69 келі салмақ «қазақтың салмағы» деп аталып кеткен еді. Осыған дейінгі үш Олимпиада ойындарында осы салмақта үш боксшымыз чемпион атанды. 2004 жылы Афина олимпиадасында Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев Олимпиада жүлдегері атанса, міне, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төртінші спортшымыз Данияр Елеусінов чемпион атанды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT