+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Рингке оралар сәтті асыға күттім: Жарақатынан айыққан Қанат Ислам

2019 жылғы 27 маусым 21:28
Бөлісіңіз:
Рингке оралар сәтті асыға күттім: Жарақатынан айыққан Қанат Ислам

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы Қанат Ислам аяғынан алған жарақаттан кейін рингке оралуға әзір екенін айтты. Спортшы сондай-ақ, жанкүйерлеріне «таңқалдырарлық шоу» көрсетуге де уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

«Менде біраз үзіліс болды, қайтып оралу оңай емес. Өмірде аздаған қиындықтар да болып тұрады, бірақ оның бәрі уақытша. Мен рингке оралуыма бар ынтаммен дайындалдым, осы сәтті күттім. Күткен уақытым жеткен сияқты. Жанкүйерлерім үшін үздік ойын көрсетемін», - деді Қанат Ислам 27 маусым күні Алматыда өткен жаттығудан кейін.

Боксшы сондай-ақ, алдағы жекпе-жекте қарсыласы доминикалық Хулио де Хесус болатынын мәлім етті.

Айта кетейік, Ислам мен де Хесус арасындағы жекпе-жек 5 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Бұл айқаста боксшылар WBO Inter-Continental белбеуі үшін таласады.

Қанат Ислам соңғы рет рингке өткен жылдың қыркүйек айында шықты. Ол жолы канадалық Брендон Кукты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT