Римге бармай тұрып, жерлестерімнің батасын алып кетуге келдім - Сүндет Байғожин

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Танымал опера әншісі Сүндет Байғожин Қостанай облысына келіп, тілшілермен сұхбаттасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италияға сапар шегер алдында Сүндет Байғожин Қостанай қаласында «Туған жерге тағзым» атты шығармашылық кешін өткізеді. 

«Туған жеріме келгеніме қуаныштымын. Бұл Қостанай облысындағы алғашқы концертім болмақ. Кеште қазақтың халық әндерімен қоса, өзімнің жеке репертуарымдағы ариялар да орындалады. Өздеріңізге белгілі, Еуропаның ең атақты театрлардың бірімен екіжылдық келісімшартқа отырдым. Әрине, іріктеу шарттары қатаң болды. Міне, Римге бармай тұрып, жерлестердің батасын алып кетуге келдім», - деді опера әншісі.
Оның айтуынша, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға әрбір қазақстандық үлесін қосуы керек.
«Президентіміз қазақ өнерін әлемдік мәдени кеңістікке шығару туралы үнемі айтып келеді. Атақты баритон Ермек Серкебаевтың арманы Еуропаның үздік сахналарында Қазақстан мәдениетін асқақтату болған еді. Қазақтың осындай тұлғасының арманын іске асыру бақыты маған бұйырып тұр. Қазақстандық опера өнері ешкімнен кем емес екенін дәлелдегім келеді», - дейді Байғожин.

 Еске салайық, Сүндет Байғожин - Италиядағы Toti dal Monte халықаралық байқауының және Arena di Verona қорының опера әншілері сайысының жеңімпазы. Әнші Нью-Йорктегі (АҚШ) Карнеги-Холл, Берлин филармониясы (Германия), Париждегі Елисей алаңдары театры (Франция), Вена Концертхаус (Австрия) сынды әлемге танымал саханаларда, сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Иордания, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және т.б. елдерде орасан зор жетістікпен өнер көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар