Римдегі эскалаторда 30 адам зардап шеккен апаттың видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Римде Repubblica метросында эскалатор қирап, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. YouTube сайтында  осы оқыс оқиға жайлы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апат кезінде эскалаторда "ЦСКА" ресейлік  футбол клубының жанкүйерлері болған. Олар Италияға римдік «Рома» командасымен матчты тамашалауға келген.

Оқиға салдарынан кем дегенде  30 адам зардап шекті, біреуі аяғынан айырылуы мүмкін. Екі ресейлік жанкүйерге ота жасалды.

Италиядағы Ресей елшілігінің ақпараты бойынша, зардап шеккен 30 РФ азаматының жетеуі ауыр халде, бесеуінің жағдайы орташа ауыр. 18 адам эскалатордан өздері түскен. Жарақат алғандарды екі ауруханаға алып кеткен.

Видеодан эскалаторға топырлаған адамдардың  бір-бірін итере мінгендіктері көрініп тұр. Аяқ астынан эскалатор қатты қозғалып, бірқатары құлай бастайды.  

Соңғы жаңалықтар