Рим Папасының Lamborghini суперкары 4 есе қымбатқа сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим Папасы Францисктің ақ Lamborghini Huracan суперкары сенбі күні Монакодағы Sotheby's аукциондар үйінде сатылды. 

Бұл жайлы ANSA агенттігі хабарлайды.

Капотына Рим Папасының қолтаңбасы түсірілген машина 715 мың еуроға, яғни өз құнынан шамамен 4 есе қымбатқа сатылды.

Агенттіктің хабарлауынша, аукционнан түскен қаражаттар қайырымдылық мақсаттарға, атап айтқанда христиандықты ұстанатын босқындардың Иракқа оралуына көмектесуге жұмсалады.

Алтын түстес жолақтары бар ақ автомобильді 2017 жылғы қарашада Рим Папасының қабылдауында болған Lamborghini басшылығы сыйға тартқан. Сол кезде-ақ Папа Франциск суперкарды аукционда сатуға шешім қабылдаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Рим Папасына сыйға берілген Harley-Davidson мотоциклі де аукционда сатылған.

Соңғы жаңалықтар