Рим Папасының астанада өткізетін месса рәсімі тікелей трансляциядан көрсетіледі

2022 жылғы 13 қыркүйек, 09:43
Рим Папасының астанада өткізетін месса рәсімі тікелей трансляциядан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Рим Папасының қатысуымен өтетін қасиетті месса шарасы тікелей трансляциядан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне сілтеме жасап.

«14 қыркүйекте елордада Рим Папасы Францисктің қатысуымен Қасиетті Месса өтеді. Бұл рәсімге әр елден 3 мыңға жуық қажы келеді деп күтілуде. Мессаны көргісі келетіндер үшін тікелей эфир ұйымдастырылады.Тікелей трансляция Съездің Facebook желісінде жүргізіледі.

Месса сағат 16:45-те басталады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Рим Папасы Францистің елімізге сапары аясында Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі, Мессасы, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу жоспарланып отырғанын хабарланды.

Фото: verelq.am






Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar