Рим папасына ота жасалады

None
РИМ. ҚазАқпарат – Папа Франциск Рим ауруханасына жатқызылды, оған ота жасалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA-ға сілтемемен.

Ватиканның ресми өкілі Маттео Брунидің айтуынша, понтифик Джемелли ауруханасында жарығын алып тастағаннан кейін қалпына келу үшін бірнеше күн болады.

BBC News мәліметінше, жарық кесірінен Рим папасында «қайталанатын, ауыратын және жағдайын нашарлататын» белгілер бар.

Кейінгі жылдары 86 жастағы понтификтің денсаулығында кінәрат болған. Оның тізесі үнемі ауыратындықтан, мүгедектер арбасы мен таяқ пайдаланады.

Ватикан мәлімдемесінде соңғы күндері медицина бригадасы понтификке ота жасау керек деген шешімге келгені айтылады.

«Отадан кейін толық функционалды қалпына келуі үшін бірнеше күн медициналық мекемеде болады», - деп атап өтті Бруни.

Бұған дейін Папа Франциск сәрсенбіде апта сайынғы аудиенциясын қалыпты режимде өткізді және жоспарлы ота туралы айтпады.

Бір күн бұрын ол бронхитпен ауруханаға түскеннен кейін бірнеше ай өткен соң Римдегі ем қабылдаған ауруханасында жоспарлы тексеруден өтті.

Наурызда ол понтификатының 10 жылдығын атап өткен уақытта өкпе инфекциясын емдеу үшін ауруханада үш күн болды.

2021 жылы Рим Папасы Франциск ішектің ауырғанынан айығу үшін тоқ ішектің бір бөлігін алып тастағаннан кейін ауруханада 10 күн болды. Жақында ол тағы да сол мәселеге шағымдана бастады.

Денсаулығындағы кінәраттарға қарамастан, Рим Папасы Францисктің кестесі әлі де тығыз. Ол тамыз айында Португалия мен Моңғолияға баруы керек.


Соңғы жаңалықтар