Рим Папасын көру үшін Қазақстанға әлемнің түрлі елінен 3 мың адам келеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Рим Папасын көру үшін Қазақстанға әлемнің түрлі елінен 3 мың адам келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елордаға Рим Папасы Францис келеді. Сапар аясында Понтификтің Мемлекет басшысымен кездесу, Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі, Мессасы, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу жоспарлануда. Қазақстанға әлемнің түрлі елдерінен 3000-ға жуық қажылар келеді деп күтілуде», - деді Айбек Смадияров.

Ол Католик шіркеуінің басшысы Қазақстанға екінші рет келіп отырғанын атап өтті.

«Рим Папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға 2001 жылы келгеннен кейін алғаш рет өтеді. Бұл Қасиетті Тақтың Қазақстанның әлемдік аренадағы, және бірінші кезекте, бейбітшілік жолындағы диалогты нығайту ісіндегі маңызды рөлін мойындағанын айғақтайды», - деді ол.


Фото:verelq.am




Соңғы жаңалықтар