Рим Папасы Қазақстан туы туралы ой бөлісті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рим Папасы Франциск Қазақстан туындағы көк түсті аспан көкжиегі туралы ойға жетелейтін шексіздік сиволына теңеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тудағы қыран жер бетіне билік жүргізген ежелгі империялардың естелігі іспеттес. Саясат пен трансценденттілік арасында үйлесімді байланыс бар - екі түрлі кеңістік қатар өмір сүріп жатқандай. Қыран боп самғау үшін ашық аспан қалай қажет болса, адамға да сондай шексіз әрі шектеусіз еркін кеңістік қажет», - деді Рим Папасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу шарасында.

Оның пайымынша, Құдай жолындағы құндылықтар жер бетінің өлшеміндегі «бүгіндерімен» шектелмеуі керек.

«Біз үкіметтерге және құзыретті халықаралық ұйымдарға әскери қақтығыстар мен соғыс қимылдарының салдарынан, экстремистер мен террористер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған, адами құқықтары мен бостандығына қол сұғылған діни топтар мен этникалық қауымдастықтарды қолдау қажеттігі туралы шұғыл өтінішпен жүгіндік. Біріншіден, діни бостандық тек дерексіз ұғым ғана емес, сонымен бірге нақты құқық болуы үшін күш салу керек», - деді Рим Папасы Франциск.

Еске салсақ, Рим Папасы Франциск съезінің кешегі күнінде ойшыл ақын Абайдың өзінен кейін адамзатқа бай мұра қалдырғанына тоқталған болатын.






Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар