Рим Папасы Қазақстан Конституциясының наным-сенім бостандығының кепілі екенін атады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рим Папасы Франциск Қазақстан Конституциясының наным-сенім бостандығының кепілі екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті халық даналығы «Ырыс басы – ынтымақ» екенін айтады. Бұл бүкіл жерде, сөзсіз, маңызды мәселе. Бірақ мұнда ол сөздің мәні тіптен ерекше. Елдеріңізде шамамен 150-ге жуық этникалық топ пен сексеннен астам тіл кездеседі. Бұл – тарихы, мәдени және діни дәстүрі алуан түрлі, баршасы бірігіп теңдессіз симфония түзетін, Қазақстанды көпұлтты, мультимәдениетті, көпдінді бірегей зертхана етіп тұрған халықтар. Осы қыры Қазақстанға табысу елі етуге үндейді», - деді ол елордада өткен кездесуде.

Сондай-ақ, ол Қазақстанға келген сапарының мақсатына тоқталды.

«Мен бұл жерге діндердің осы аспектіге қосар үлесінің маңыздылығына назар аударту үшін келіп отырмын. Осыған байланысты Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезіне қатысу құрметіне ие болдым.

Айтпақшы, Қазақстанның Конституциясы бұл елдің зайырлы мемлекет екенін айқындап тұр. Сол арқылы дін мен сенім-нанымның еркіндігіне кепілдік берілген. Бұл зайырлылықтың салауатты сипаты экстремизмге қарсы тосқауыл бола алатындығымен құнды. Әр азаматтың теңдігі үшін қажетті ең негізгі жағдайды жасалған»,- деді Рим Папасы Франциск.







Соңғы жаңалықтар