Рим қаласының маңында Италия әскери-әуе күштерінің екі ұшағы апатқа ұшырады

None
Фото: ria.ru
АСТАНА. ҚазАқпарат – Италия әскери-әуе күштерінің қос бірдей оқу-жаттығу ұшағы Рим қаласына жақын маңайда апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Италия астанасынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Гуидония-Монтечельо қаласында болған. Мәлім болғандай, итальяндық SIAI-Marchetti компаниясы шығарған ұшақтардың бірі құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй аумағында тұрған көлікке құлаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшқыш әуе кемесінің үйге құлауына жол бермеген. Апат орнынан 100 метр қашықтықта балабақша орналасқан.

Жарияланған фотосуреттерге сәйкес, екінші ұшақ далалы алқапта апатқа ұшыраған.

Екі ұшқыш та оқиға орнында көз жұмды. Ал оқу-жаттығу шараларына қатысқан тағы екі ұшақ базаға аман-есен оралды. Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар