Рим әуежайындағы өрт өршіп барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим қаласындағы Леонардо да Винчи /Фьюмичино/ атындағы әуежайдың жұмысы өрт салдарынан тоқтатылды. Әуе айлағының жанындағы құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті. Өрт аумағы қатты жел салдарынан ұлғайып келеді. Жалын ағаштарға көшті. Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ.

Фьюмичино қаласының мэрі Эстерино Монтиноның бағалауынша, «жағдай өте күрделі». «Репубблика» газетінің ақпаратынша, өрт сағат 13:00 шамасында (жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де) басталды.

Соңғы жаңалықтар