+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Рим әуежайында коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

2020 жылғы 22 қаңтар 18:13
Бөлісіңіз:
Рим әуежайында коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

РИМ. ҚазАқпарат – Италия Денсаулық сақтау министрлігі осы аптада Римдегі Фьюмичина әуежайында Қытайдың Ухан қаласынан келетін жолаушыларға арналған дене температурасы сканерлері орнатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚаАқпарат ANSA-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда фельдшерді сабаған адам қамауға алынды Францияда пышақ ұстаған ер адамның шабуылынан екі кісі өліп, жетеуі жараланды Коронавирус Еуроодаққа қиынға соғады – сарапшылар

Агенттіктің мәліметі бойынша, сканерлер бейсенбі күні қойылады. Дәл осы күні коронавирус анықталған Ухан қаласынан Италия астанасына рейс ұшып келеді.

Министрліктің айтуынша, Ухан қаласынан келген жолаушылар арнайы денсаулық дәлізінен өтіп, олардың дене температурасы сканер арқылы өлшенеді. Сканерлер алдағы уақытта қытайлық қаладан келетін барлық рейстерге пайдаланылады.

Сонымен қатар, жолаушылар келгеннен кейінгі саяхат маршрутын көрсететін арнайы үлгіні толтырады.

«Италия жаңа коронавирусты (2019-nCoV) бақылап отыр және Халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен үнемі байланыста»,- делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Бұған дейін, коронавирус Қытай шекарасынан тыс аумақтарға таралғанын жазған болатынбыз. Таиланд, Жапония және Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырған адамдар тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT