Рикардо Марини: Бозжыраға сауатты басқару көмектеседі

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат – Италияның сәулет және қала құрылысы саласындағы танымал сарапшысы, Urban Living консалтингтік компанияның өкілі Рикардо Марини Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына барып, аймақтағы экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері жайында айтты. Қалалар мен қорық аймақтарында жобаларды жүзеге асырып жүрген маманның айтуынша, Бозжыраны сақтап қалуға сауатты басқару көмектесе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл тамаша жер. Бұл – тек жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, бүкіл әлем туристері үшін жаңа әлем. Егер табиғат әсемдігі мен адамдардың оны көру ниетінің арасында жанжал туындаса, табиғи ортаға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан бұл құндылықты сақтап, қорғап қалу өте маңызды. Бұл жағдайлар басшылықтың теріс жолда екенін білдіретін белгі. Адамдар өздері қалаған жерінде жүреді. Осы жерде жүріп байқағаным, пластик және шыны бөтелкелер шашылып жатыр», - деді Р.Марини тілшілерге.

Сарапшы Бозжыра сияқты табиғи ресурстарды сақтап қалуда инфрақұрылым, коммуникациялар және білім сияқты ажырамас элементтер ретінде үйлесімді болуы тиіс екендігін атап өтті. Ол сондай-ақ шалғай ауданда қонақүй құрылысына қатысты пікірін білдірді.

«Егер қонақүй ресурстары шатқалды қорғау, ағарту, және ол туралы хабардар болуға бағытталса, егер инвесторлар жобаны қоршаған ортаға үлкен қамқорлық жасап іске асырса, егер максималды түрде қалдықсыз механизм бар болса, онда бұл өте жақсы идея. Шатқалдың түбіне жаяу, атқа мініп немесе электромобильмен түсу керек. Егер туристерге табиғат аясында жүру тәртібін, қоқыс жинау қажеттілігін түсіндіретін нұсқаулықтар болып, олар дұрыс қолданылса, бүкіл әлемдегі табиғат ескерткіштері сияқты, Бозжыра шатқалын да тұрақты дамытуға болады», - деді сарапшы.

Ол жақсы ойластырылған басқарудың сондай-ақ жергілікті жерді мекендейтін жануарлардың жойылуына жол бермеуге болатынына сендіріп отыр.

«Егер инфрақұрылым жете дамытылса, жануарлар жойылмайды. Бүкіл әлемде, Африкада, тіпті Еуропада адамдарға әлсіз экожүйелерде жүруге мүмкіндік беретін көптеген жерлер бар. Мұнда келушілер тек жергілікті флора мен фаунаны құрметтесе болғаны. Өрмекшілерді баспай, байқап жүретін арнайы мәдениет болуы тиіс», - деді ол.

Бозжыра шатқалында сафари-қонақүйді салу идеясын қазіргі кезде қоғамдық белсенділер, жергілікті тұрғындар және ғалымдармен талқыланып отырғанын атап өту керек.


Соңғы жаңалықтар