Рига әуежайында жанкүйерлері Димашты «Дайдидау» әнімен қарсы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген жеке концертін өткізу үшін Латвия астанасына ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Instagram-дағы жанкүйерлер парақшасына сілтеме жасап.

Жанкүйерлер әншіні әуежайда қазақ тілінде ән шырқап күтіп алды. «Дайдидау» – Димаштың сүйіп шырқайтын әні. Себебі Димаш бұл әнді «Славян базары» халықаралық беделді ән байқауында тамаша деңгейде орындап Бас жүлдеге қол жеткізген болатын. Дәл осы әнмен Қытайдағы « I am Singer « байқауында көпшілікті тәнті еткен еді.

Айта кетерлігі жыл басынан бері Димаш Ресейдің бірнеше қаласында жеке концертін беріп үлгерді. Татарстан астанасында концерт өткізген Димаш Құдайберген әндерінің бірін өзінің жанкүйері болған, онкологиялық дерттен көз жұмған татар қызы Лейсан Сейітназароваға арнаған болатын.

Әнші биыл Еуропаның тағы бірнеше мемлекетін аралайды. Әншінің өнеріне басқа құрлықтардан да сұраныс түсіп жатыр. Мәселен жақында мексикалық тыңдармандары Димашты өз еліне шақырған еді.



Соңғы жаңалықтар