Риджфилдтегі М.Чехов атындағы әлемдік театр фестиваліне батысқазақстандықтар алдағы жылы да қатыспақшы

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Нью-Йорктің іргесіндегі Риджфилдтегі Михаил Чехов атындағы әлемдік театр фестиваліне Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері алдағы жылы да қатыспақшы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы өнер додасында атақты американдық драматург Эдуард Олбидің «Зоопарктегі оқиға» (қазақ тіліне аударған театр директоры Құжырғали Төлеуішев) психологиялық спектаклін қойған  батысқазақстандықтар аталмыш фестивальден лауреат атанып әрі «ең үздік шеберлік» аталымымен оралған болатын.

Аталмыш спектакльде екі-ақ актер - Данияр Базарқұлов пен Алмас Шоман ойнайды. Режиссер Асхат Маемировтың айтуынша, батысқазақстандықтар өнері өте жылы қабылданып, алдағы жылы өтетін фестивальге де шақырту алған. Биыл олар қойылымның арнайы дискісін дайындап апарған болса, ендігі жолы дискісіз қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар