Риддерлік тұрғын ұрып өлтірген бөтелкелесін бақшаға көміп тастамақ болған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддерде жуырда жан түршігерлік оқиға болды. Таңғы сағат төрт шамасында риддерлік тұрғындар өз үйлерінің терезесінен белгісіз ер адамның ерсі әрекетін байқап қалған. Күдіктене қалған тұрғындар жағдайды бірден видеоға түсіріп алыпты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі YK-news.kz  сайтына сілтеме жасап.

Кадрда белгісіз біреу адамның денесін сүйреп бара жатқаны анық көрінеді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ер адамды тұтқындап, уақытша қамау оқшаулағышына тоғытқан.

«Анықталғанындай, 29 жастағы күдікті өз үйіне 45 жастағы ер адамды қонаққа шақырған. Олар бірге арақ ішіп, сөзге келіспей, ақыры кикілжіңдері төбелеске ұласады. Осының салдарынан қонақ ажал құшқан. Ал үйдің иесі мүрдеден құтылмақ болған секілді», - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қазіргі таңда істің мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚК-тің «Кісі өлтіру» бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіле бастады.

Үрейлі кадрлар қазір «кісі өлтіруші ер адамды өлтіріп, таңертең бақшаға көміп тастамақ болған» деген атаумен әлеуметтік желіде тарап кетті. 

Соңғы жаңалықтар