Риддердегі жылу электр орталығының жұмысы 9 қарашаға дейін қалпына келеді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының жұмысы 9 қарашаға дейін қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі жылу электр орталығы толықтай жұмыс істеуі үшін 9 қарашаға дейін екі насос жөнделеді.

«Қазіргі жағдайға келсек, қазандықтар іске қосылуда. №2 төмен қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Барлығы 3 қазандықты жағуымыз керек. Неліктен мұндай төтенше жағдай болды деп бәрі таңырқап жатыр. Бұл жерде бір ғана жауап бар – орталық иелері жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеген. Кімнің кінәлі екенін білеміз. Бірақ қазір алдымызда орталықтың жұмысын қалыпқа келтіру міндеті тұр», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, орталықты коммуналдық меншікке қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске салсақ, 23 қазанда Риддердегі жылу электр орталығында ақау шығып, халық жылусыз қалған болатын.

Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official



Соңғы жаңалықтар