Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының иесі ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

- Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек, - деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл қаражат ЖЭО-ны күрделі жөндеуге жұмсалады.

Еске салсақ, 26 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын. Бірнеше сағаттың ішінде қызыл жалын ауыздықталды. Кейіннен жылу электр орталығының басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Сондай-ақ Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығындағы ақаулар мен апаттардан үйлері қайта-қайта суып кетіп отырған тұрғындардан кешірім сұраған еді.


Фото: tets.kz


Соңғы жаңалықтар