Риддердегі жылу электр орталығы сапасыз мазуттың салдарынан жұмысын тоқтатқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Риддер қаласындағы жылу электр орталығында ақаудың нақты неден шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі жылу электр орталығындағы төтенше жағдай сапасыз мазут салдарынан болған.

«ЖЭО басшылығының салғырттығынан мазут дұрыс тексерілмеген. Белгілі болғандай, оған су қосылған. Қазірдің өзінде жылу орталығына «Қазцинк» ЖШС-дан 60 тонна, Өскемендегі ЖЭО-дан 70 тонна мазут жөнелтілді. 25 қазан күні түнгі сағат 01.00-де тағы алты цистерна келеді. Осының нәтижесінде, орталық 100 күн үздіксіз жұмыс істейтін отынмен қамтамасыз етіледі», - делінген ақпаратта.

Бүгін сағат 19.00-ге дейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілмек.



Соңғы жаңалықтар