Риддердегі төтенше жағдай: Тұрғындар үйлерінің қайта суып кеткенін айтып шағымдануда

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары үйлерінің қайта суып кеткеніне шағымдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар айының 11-нен бері риддерліктер үйлерінің қайта суып кеткенін айтып, шағымданып жатыр. Осы ретте, жылу электр орталығының басшылығы бұған не себеп болғанын түсіндірді.

«Температураның төмендеуі қосалқы электр жабдықтарын шұғыл жөндеуге байланысты орташа қысымды екі қазандықтың уақытша тоқтатылуынан болды. Қазіргі уақытта ақаулар жойылып, орташа қысымды қазандықтарды іске қосу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады «Риддер ЖЭО» АҚ-дан.

Ұсынылған мәліметке сүйенсек, қазір ЖЭО-да бір орта қысымды №2 қазандық және жоғары қысымды екі №4 және №5 қазандық жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар