Риддердегі қорықта өрт шықты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы қорықта өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін әлеуметтік желіде Риддердегі Батыс Алтай қорығында өрт шыққаны жайлы ақпарат тарады. Осыған байланысты ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласты.

Департамент өкілдері өрт шыққанын растады. Белгілі болғандай, қызыл жалын бүгін түстен кейін шықты. Алдын ала болжам бойынша, от тұтануына найзағай себеп болған.

Өрт Чернушка өзені мен Прямой бұлағы қосылатын орманды алқапта шығып, сол жердегі ағаштар жанған.

Қазір тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Өрттің жалпы ауданы – 0,3 гектар.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері орманда алапат өрт шығып, айналаны түтін басқанда не істеу керектігін түсіндірген болатын.
Соңғы жаңалықтар