Риддердегі қатты қалдықтар полигонының пайдаланылу мерзімі ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Риддерде қатты тұрмыстық қалдықтардың полигонын пайдалану мерзімін ұзартты, қазір қоқысты сұрыптау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Жомарт Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ақпараттық орталыққа сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта Риддер қаласының маңайында жалпы аумағы 18 гектарды құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтардың полигоны бар. Алайда бұрын жабылуға шақ қалған. Полигонның қолданылу мерзімі 2019 жылы аяқталуы керек.

Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының арқасында «Фирма Эталон» ЖШС қатты қалдықтар полигонын 2025 жылға дейін пайдалануға рұқсат алды. Қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселе негізсіз болған жоқ, себебі табиғи су ағындарының көп мөлшерінен қалада жаңа полигонды салатын жер тапшы.

Сондай-ақ, кәсіпкер қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау цехының құрылысының жобасын әзірледі. Цехқа арналған жабдықтар 28 млн теңгеге сатып алынды.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы аясында біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытып жатырмыз. Жоба сараптаманың барлық түрлерінен өтті. Қазір құрылысқа рұқсаттама алудың қамымен жүрміз. Жазда цехтың құрылысы басталады, келесі жылдың басында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов.

ҚТҚ-ны сұрыптау 40% астам қалдықтарды қайта өндеуге жіберуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар