Риддердегі ірі орман өртінен мемлекетке қанша залал келгені белгілі болды

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы ірі орман өртінен мемлекетке қанша залал келгені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы бүгін онлайн форматта өткен баспасөз конференциясы барысында ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орман бөлімінің бас маманы Нұрлан Саттыбаев айтып берді.

«Осы жылдың мамыр айында Риддерде болған алапат өрттен мемлекетке келтірілген шығын мөлшері – 252 миллион теңгеден асты. Бұл биыл облыс бойынша болған ең ауқымды өрт. Жалын шарпыған аумақ – 276,4 гектарды құраған. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болған», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы 10 мамырда ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығынан өрт шықты.

Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам көз жұмды.



Соңғы жаңалықтар