Риддердегі бозбаланың өлімі: Əкім орынбасары ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы жас жігітті қағып өлтірді деген күдікпен уақытша оқшаулағышқа қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болып отырғанындай, «BMW Х5» автокөлігі Айдарханов көшесімен келе жатып, жол жиегінде оң жақта бағдарлас келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1999 жылғы ер бала жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырған.

Тексеру барысында «BMW Х5» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісінің мас болғаны және оның Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталған.

Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні сағат тоғызға таяу тіркелген.

Риддер қалалық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (көлік құралдарын басқарған адамның көлік құралын пайдалану немесе жол ережесін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Облыс әкімінің тапсырмасымен жол-көлік оқиғасының тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар